Қазақстанда Нархоз университеті жанында Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) қаржылық қолдауымен гендерлік экономика бойынша зерттеу орталығы ашылды.
Қазақстанда гендерлік зерттеу объектісі көп жағдайда әйелдердің қоғамды дамытудағы ұлттық мәдени рөлінің аспектілері болып табылады, олардың ел экономикасындағы рөлі өте сирек қарастырылады.
Алайда гендерлік экономиканың аса көп талқыланатын тақырыбы ерлер мен әйелдер арасындағы бірдей жұмыс немесе біліктіліктің салыстырмалы деңгейінде ерлер мен әйелдер арасындағы әркелкі еңбекақы төлеу проблемасы болып табылады. Бүкіләлемдік экономикалық форум бағалауы бойынша Қазақстан The Global Gender Gap Report 2017 аясында әлемде 52 орынды иеленді. 2017 жылы әйелдер әлемде ерлерге қарағанда 32%, ал Қазақстанда 35% төмен еңбекақы алды.
«Гендерлік экономика ерлер мен әйелдер арасындағы экономикалық айырмашылықты және олардың туындау себептерін талдайтын экономика ғылымының ең жас бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта гендерлік теңсіздік экономика дамуын тежейтіндігін, ал жыныс арасындағы теңдік жетістігі елдің экономикасына айтарлық әсері бар екендігін көрсететін зерттеулердің саны көп», – деп атап өтті Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев. «Осы ретте біз Орталық Азиядағы гендерлік экономика мәселелері бойынша алғашқы зерттеу орталығы болатын Гендерлік экономика зерттеу орталығының (ГЭЗО) ашылуын үлкен қуанышпен қолдадық».
2018 жылы СҚҚ арнайы Open Economy Fellowship бағдарламасын іске қосты және ГЭЗО байқауының жеңімпаздары әйелдер, үй шаруашылығының экономикасы және еңбек бөлінісі, еңбекақы төлеміндегі гендерлік айырмашылық, гендерлік статистика мен бюджет төлемі бойынша экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюі тақырыбын зерттейтін болады. Бұдан өзге Нархоз университетінде қор қолдауымен «Гендерлік экономика» оқыту курсын іске қосу жоспарланып отыр.
Іс-шара аясында гендерлік мәселелер бойынша сарапшылар арасында пікірталас өтті. Пікірталастан соң, жас зерттеушілер – шәкіртақы алушылар гендерлік экономика бойынша өздерінің зерттеулерінің тақырыбы мен негізгі бағыттары туралы әңгімеледі.