Бұл кітаптағы оқиғалар — білім беру саласында жүрген қатардағы мұғалімдер мен ұстаздардың күн сайынғы атқарып жатқан қыруар жұмысының бір парасы ғана. Мұғалім мәртебесінің төмендігі де, жалақыларының аздығы да, бұл мамандыққа қоғам назарының жеткілікті дәрежеде болмауы да оларға кедергі емес, олар өздеріне міндеттелген жұмысты мейлінше сапалы атқарады, адам ретінде де жаны ауырады, алдарына келген әр баланың тағдырына араласып кете барады.
«Жігер, жүрек және ниет болса…» кітабындағы кейіпкерлер тағдыры жігерлендіріп қана қоймай, әрі қарай не істеу керектігі жөнінде ойлануға да жол ашады. Бұл кейіпкерлердің әрі қарайғы тағдыры қандай болмақ? Өмір жолында нағыз Ұстазды кездестіре алмаған балалардың тағдыры не болмақ?
Бұл кітап мұғалім мамандығының мән-маңызы әлі де жоғары екенін, оның әлі де мәртебелі екенін көрсетеді, өйткені біз балаларымызды мұғалімге сеніп тапсырамыз. Бұл кітап еліміздегі мұғалімдер қауымына ғана емес, ата-аналарға да ой салып, шабыт береді деп үміттенеміз. Мұғалім мәртебесінің артуына сәл де болса үлес қосарына сенеміз.
Прикрепленные файлы