23/05/2020
Soros Foundation-Kazakhstan will provide $ 500,000 to support the fight against COVID-19
23/04/2020
“HUMAN RIGHTS: 50 SHADES OF BLUE” The new exhibition by Artmeken Gallery and Soros Foundation-Kazakhstan
17/09/2020

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – 2019

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейін өлшейтін құрал. Бұл құралды Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі – республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік шығыстарды мониторингілеу және бағалау мәселелерімен кәсіби айналысатын үкіметтік емес ұйымдар тобы әзірледі.

Зерттеудің мақсаты – жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтығы деңгейін анықтау, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыру. Зерттеудің ұзақ мерзімді мақсаты – мемлекеттік органдар үшін азаматтарға бюджет туралы ақпаратты анық, уақтылы, толық, түсінікті және қолжетімді етіп таратуға, сондай-ақ жергілікті деңгейде бюджет процесіне қатысуға мүдделі жұртшылықты тартуға ықпал ететін іс-шараларды жүргізуіне жағдай жасау.

2019 жылғы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі Қазақстанның барлық аймағында әріптестерімен жұмыс істейтін бірлескен зерттеу жобасы саналады. Бұл екі жыл сайын өткізілетін зерттеудің бесіншісі, алдыңғы зерттеулер 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдары жүргізілді. Ашықтық деңгейі арнайы әзірленген әдіснаманы пайдалану арқылы анықталады.


Прикрепленные файлы