Грантты пайдалану міндеттемелері
01/09/2008Гранттарды беру қағидалары
01/12/2008
Гранттық келісімшартты бағдарлама бөлімінің қызметкері мен Гранттар жөніндегі менеджер тиісті бағдарламаның Сарапшылар комитетінің, Қамқоршылар кеңесінің не Құрылтайшының шешіміне негізделе отырып әзірлейді.
Егер Келісімшартты орындау барысында бюджет бабтарын түзету қажеттігі туындайтын болса (Гранттың бюджетін Келісімшарттың жалпы сомасын өзгертусіз жетілдіру), онда тиісті баптарын Келісімшарт сомасының 10 (он) пайызы көлемінде өзгерту туралы (еңбекақы туралы бабын арттыруды санамағанда) шешімді Гранталушы Бағдарлама бөлімінің қызметкерімен және СҚҚ-ның Гранттар жөніндегі менеджерімен келісе отырып қабылдай алады. Аталмыш мәселе келесі жағдайларда гранты бөлген органның қарастыруына арнап ұсынылады:
- бюджетті грант сомасының 10 (он) пайызы көлемінде өзгерту;
- шығындардың жаңа бабын енгізу;
- еңбекақыны көбейту.
Грант бюджетінің жұмсалмаған қаражаттарын Гранталушы СҚҚ-ға қайтарады.
Өзін OSI-NY қаржыландыратын жобаның жүзеге асыру жөніндегі келісімшартта негізгі құралдарды сатып алу туралы шарттар қамтылмауы тиіс.
Негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландырған жағдайда Келісімшарттың күшін сақтау мерзімі оған қол қойған сәттен бастап 3 (үш) жыл деп белгіленеді. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша алынған және/не Гранттың есебінен сатып алынған негізгі құралдардың барлығы Келісімшарттың күшін сақтау мерзімінің соңына дейін Қордың меншігінде қалады. Олар Гранталушының балансында көрсетіледі, оларды иелену құқығы соған тапсырылады. Келісімшартты Гранттың кері қайтарылуына байланысты бұзған жағдайларды санамағанда, Келісімшарттың күші жойылғаннан кейін барлық қаражаттар Гранталушының меншігіне өтеді.
Қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алудың есебінсіз бөлінген жағдайда Келісімшарттың күшін сақтау мерзімі оған қол қойған сәттен бастап 1 (бір) жылға не Гранттың орындалу мерзіміне сәйкес белгіленеді.
Гранталушының кез келген шараға жол жүруі қаржыландырылған жағдайда, Келісімшарттың күшін сақтау мерзімі оған қол қойған сәттен бастап 1 (бір) жылға белгіленеді.
Гранталушының СҚҚ-ның шараларына қатысуын қаржыландыру үшін Басқарма Төрағасы шараға қатысушылардың аты-жөні көрсетілген Шақырту-Келісімшартына қол қояды. Шақырту-Келісімшартында шараның өткізілетін жері мен уақыты, сондай-ақ оған қатысушылардың тізімі көрсетіледі.