Былтыр жыл соңында – Сорос-Қазақстан қорының 25 жылдығына орай тәуелсіздіктің үш онжылдығы ішінде СҚҚ құрған және қолдаған қазақстандық ақын-жазушылар туралы әдебиеттану басылымы қалың оқырманға ұсынылды. Осы кітапты жинақтаушы, қазақстандық автор әрі мәдениеттанушы Юрий Серебрянский бізге берген сұхбатында бұл туындыны дайындау барысындағы қиындықтар туралы, аталмыш кітаптың жыл қорытындысы бойынша үздік отыздыққа қалай енгені және әлеуметтік желілердің жаңа авторлардың әдебиетке қадамына қалай әсер еткені жөнінде айтып берді.