Сорос Қазақстан Қоры мен Қоғамдық қаржы мониторингі орталығы (Әзербайжан) бірлесіп әзірлеген мұнай келісім шарттарымен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық осындай атаумен жарыққа шықпақ.
Мұнай компанияларының және мемлекеттің арасындағы келісім шарттарға қоғамдық мониторингті құзыретті түрде жүргізуге көмектесетін осындай құралдың шығуын үкіметтік емес ұйымдар көптен бері күткен еді.
Мемлекеттің және жер қойнауын пайдаланушылардың қарым қатынасы ресурстарды барлауға, қазбалап шығаруға және тасымалдауға жасалатын шарттарда заңдық тұрғыда көрініс тауып, бекітіледі. Ондаған жылдарға жасалатын дәл осындай келісім шарттарда пайданы алудың және мемлекет пен компанияның арасында бөлудің барлық негізгі талаптары ескеріледі. Өндіруші елдердің табысы көптеген келісім шарт талаптарына, айталық, жергілікті құрам деңгейіне, экологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, мемлекеттің билігіне келіп түсетін табыстың үлесіне және т.б. тікелей байланысты. Дәл сол себептен мұнай келісім шарттары - бұл оларға мемлекеттің атынан қол қоятын адамдар үшін ғана емес, табиғи ресурстарды басқаруға тәуелсіз мониторинг жасалуын қамтамасыз етуге тиіс азаматтық қоғамның өкілдері үшін де салмақты сынақ. Бұл үшін ҮЕҰ өкілдері келісім шарттар жасасу бойынша келіссөз жүргізу барысында тараптардың қандай мүдде көздейтінін дәл білуі және келісім шарттардың әр түрлі тұрпаттарын ажырата білуі қажет.
Көптеген азаматтық қоғам өкілдерінің, экономистердің, заңгерлердің және саясаттанушылардың пікірінше, мұнайдан түскен табысты тиімсіз пайдаланған жағдайда туындайтын «ресурстар қарғысынан» бұл салада айқындықты және есеп берушілікті арттыру жолымен ғана айналып өтуге болады.
Жарыққа шыққан «Уәде - құдайдың үйі. Мұнай келісім шарттары және оларға қоғамдық мониторинг жасау» атты нұсқаулықты қыркүйектің соңында Сорос Қазақстан Қорының офисінде алуға болады. PDF пішіміндегі толық мәтінмен мына сайттарда танысып шығуға болады:
www.soros.kz және
www.krw.kz.