Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Баспасөз-релиздері » СҚО-дағы туберкулезбен ауыру жоғары деңгейде қалуда

СҚО-дағы туберкулезбен ауыру жоғары деңгейде қалуда

КІРІСПЕ КІРІСПЕ

ПЕТРОПАВЛ, 2010 жылдың 18-ақпаны - «СҚО белсенді жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының (СҚҚ) қолдауымен «Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай: мәртебесі және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Бұл іс-шара «2008-2010 жылдардағы Солтүстік Қазақстан облысындағы «Туберкулезбен күресті арттыру» бағдарламасын бағалауды жүргізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылуда. Дөңгелек үстел қатысушылары ретінде мемлекеттік орган қызметкерлері, дәрігерлер, қоғамдық денсаулықты қорғау саласының сарапшылары, құқық қорғау органдарының жұмыскерлері, үкіметтік емес сектор өкілдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары шақырылды.

2008-2010 жылдардағы Солтүстік Қазақстан облысындағы туберкулезбен күреске мемлекет жергілікті және республикалық бюджеттен 1,5 миллиард тенгеден артық қаражат бөлді. Іс-шараның жоспарына аурудың алдын алу және оны емдеу әдістерінің қаншалықты тиімді екендігін талқылау, бөлінген қаражаттың мақсатты қолданылуын анықтау, туберкулезбен ауру және қайтыс болу деңгейін төмендету бойынша қабылданған шаралардың ықпалы кіреді.

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ директоры Сергей Белов жоба жөнінде: «Біз СҚО барлық аудандарындағы 2004-2009 жылдар аралығындағы туберкулезбен ауру деңгейі бойынша жағдайды зерттедік. Туберкулезбен аурудың біртіндеп төмендеуіне қарамастан тұтастай алғанда және жеке аудандарда жағдай алаңдаушылық тудырады. Сондықтан біз облыс тұрғындарының денсаулығы үшін жағдайды тұрақтандыру бойынша өз күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет»,- деп әңгімеледі.

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ жүргізген талдау нәтижелері СҚО-ның бірқатар аудандарында туберкулезбен ауру көрсеткіштері облыс бойынша орта көрсеткіштен жоғары екендігін көрсетті. Мәселен, Есіл ауданында 2009 жылы өлімнің 2 есе өскендігі байқалады. Ең жоғары өлім көрсеткіші Петропавл қаласында (100 мың тұрғынға 29,3), Айыртау ауданында (56,0), Аққайың ауданында (18,4) тіркелген.

СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының координаторы Юлия Черняева: «Қазіргі күнде туберкулез әлеуметтік деңгейі төмен тұрғындарға ғана қатысты деп есептемеу керек. Мәселе ауқымы әлдеқайда кең. Қазір бюджеттік қаржыландыру шеңберінде туберкулезбен күреске бөлінетін қаражаттың тиімді қолданылуын бағалау ғана маңызды емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарды, ҮЕҰ-дар және мәселені шешуге қызығушылық танытқан адамдар мен құрылымдарды сындарлы тілдесуге шақыру қажет»,- деп есептейді.

Бұл кездесудің нәтижесінде облыстағы туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру және жақсарту шаралары талқыланатын болады, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен серіктестік механизмдері құрастырылады. Жоба тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша ҮЕҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының қаржылық қолдауымен іске асырылады.

Туберкулез өкпені жарақаттайтын инфекциялық бактериялық ауру болып табылады және қоғамдық денсаулық сақтауға қатерін төндіруде. БДҰ (ВОЗ) ақпараты бойынша жер шарының 1/3 тұрғыны осы ауруға шалдыққан.

 

КІРІСПЕ

Қосымша ақпарат:

Сергей Белов, «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ директоры

Наталья Кудинова, жоба координаторы

Тел.: 8 (7152) 36 28 45;

Ұялы тел.: +7 777 33 555 66; +7 777 33 871 34.

Эл.пошта: aktivyourth(at)gmail.com; nposko(at)inbox.ru

 

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ туралы

«СҚО белсенді жастары» қоғамдық жастар бірлестігі 2006 жылы құрылды; 29.12.2007 жылы әділет органдарында ресми түрде тіркелген. Жұмыс істеу кезінде  «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ өзін жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырумен және азаматтық позициясын қалыптастырумен, азаматтық бастамаларды дамытумен, сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік құқықтарын іске асырумен, әсіресе облыстың көпбалалы және әл-ауқаты төмен отбасыларында ақпараттық-түсіндіру жұмысымен айналысатын үкіметтік емес ұйым ретінде көрсете білді. Қазіргі таңда ұйым жергілікті және республикалық заңнамалық және атқарушы органдармен, халықаралық ұйымдармен және Республиканың үкіметтік емес саласының өкілдерімен тығыз байланыс орнатты.

 

СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасы туралы  

«Мемлекеттік қаржылардың ашықтығы» бағдарламасы 2004-2009 жж. қызмет атқарған, Сорос-Қазақстан Қорының Kazakhstan Revenue Watch (KRW) бағдарламасы мен «Бюджеттік ашықтық және есептілік» бағдарламасының  құқықтық ізбасары болып табылады. 2010 жылдан бастап, екі бағдарлама бір бағдарламаға біріктірілді. Бағдарлама аясында жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім‑шарттар мен лицензиялардан бастап әлеуметтік‑экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға арналған бюджет шығыстарына дейінгі өндіріуші өнеркәсіптен түсетін табысты қалыптастыру мен пайдаланудың бүкіл тізбегінің бойында ашықтық пен есеп берушілікті арттыру мақсатын көздейтін кешенді жобалар іске асырылады (толық ақпарат www.soros.kz, www.budget.kz, www.krw.kz сайттарында)

 

     

 


baner baner baner baner