Сіз осындасыз:
Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қазақстанның азаматтық қоғамы елдегі адам құқықтарына қатысты жағдайды ашықтауға арналған таңдау-балама мүмкіндіктерін қарастыруда
Қазақстанның азаматтық қоғамы елдегі адам құқықтарына қатысты жағдайды ашықтауға арналған таңдау-балама мүмкіндіктерін қарастыруда
Алматыда 4 маусым күні Сорос Қазақстан Қорының қолдаумен Адам құқықтары мен әділеттілікті сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының бастауымен «дөңгелек үстел» ұымдастырылады. Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің Әмбебап периодикалық шолу механизміне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.
Әмбебап периодикалық шолу механизмі 2006 жылы наурызда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен қабылданған қарарына сәйкес енгізілді. Қарар, сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің өзін құрастырды. Аталған бірегей механизм бүкіл елдердегі адам құқықтары саласындағы жағдайды бақылауға және төрт жылда бір рет БҰҰ-ның халықаралық есебіне мониторинг нәтижелерін ұсынуға жол ашады. Әмбебап периодикалық шолу жаңадан құрылған Кеңестің маңызды құрама бөлігі болып табылады. Ол мемлекеттерге барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық-қанды қорғау мен қамтамасыз етуге бағытталған міндеттемелерін орындау қажеттілігін ескертеді.
2010 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан алғаш рет Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесіне Әмбебап периодикалық шолу механизмі бойынша өзінің алғашқы Баяндамасын ұсынады. Өз тарапынан, азаматтық қоғам мемлекеттік Баяндаманы ұсынудаң міндетті жағдайы болып табылатын таңдау-балама баяндамасын әзірлеу қажет. Осыған орай Адам құқықтары мен әділеттілікті сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының Ақпарат-білім беру орталығының жетекшісі Р. Ақылбекова былай мәлімет етеді: «Біздің міндетіміз Қазақстанның құқық қорғау ұйыдарының белсенді өкілдеріне БҰҰ ұсыныстары арқылы елдегі адам құқықтарына қатысты жағдайды өзгертуге бағытталған бірегей мүмкіндігімен таныстыру болып табылады».
___________________________________________________________________________________
«Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің Әмбебап периодикалық шолу механизміне азаматтық қоғамның қатынасуы» атты дөңгелек үстел 4 маусым күні Алматы қаласының «Алматы» қонақүйінде өткізіледі. Қонақүйдің мекенжайы: Қабанбай батыр к. 85 (Панфилов көшесінің қиылысында.
Басталу уақыты 9.00.
Қатысу мен қосымша ақпарат сұрақтар бойынша Адам құқықтары мен әділеттілікті сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының офис менеджері Березовская Дианаға келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 727 2254271; +7 701 7996779