Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ҮЕҰ мен сарапшылар тобы қазақ тіліндегі білім сапасына баға береді

ҮЕҰ мен сарапшылар тобы қазақ тіліндегі білім сапасына баға береді

Сорос-Казақстан қорының қолдауымен мемлекеттік тілде орта білім сапасын жетілдіруге бағытталған жобаны «Білім және даму» қоғамдық ұйымы, бірнеше ҮЕҰ мен тәуелсіз сарапшылармен біріге отырып бастайды.

Жоба Қазақстанның 7 аймағындағы  мониторингтік зерттеуді көздеп отыр: Астана мен Алматыда,  қазақ тілді орта басым аймақтық қалаларда - Тараз,  Шымкент,  Атырау, сонымен қатар орыс тілі басым қалалар – Қарағанды мен Павлодарда өтеді.

Зерттеу барысында қазақ және орыс тілдерінде оқытудың тиімділігі мен білім сапасына  салыстырмалы түрде талдау жасалады. Басты қағидалары оқушылардың әдеттегі оқу сапасы мен үлгерімі ғана емес, олардың біліктілігі мен қоғамда өмір сүруге дайындық деңгейі  де қарастырылады.

 «Қосымша екі сұрақ талданады: білім жүйесіндегі мемлекеттік тілдің даму саясатының зерттелуі мен әр түрлі тілде оқытылатын республикалық және облыстық деңгейдегі мектептердің дамуына бөлінетін бюджеттік қаржы мониторингі жүргізіледі», - деп хабарлады Сорос – Қазақстан Қорының «Бюджеттік ашықтық және есеп беру» бағдарламасының жоба үйлестірушісі, Жәнібек Хасан.

Хасан мырзаның айтуынша, «2008 жылы мемлекеттік тілдің дамуын қолдауға бюджеттен  5 млрд. теңге бөлінді. Заңнамалық дерекқордың бар екеніне, саяси еркіндік пен азаматтардың қазақ тіліне деген сұранысына қарамастан, мемлекеттік тілді дамытуға арналған тиімді механизмі  жоқ. Мемлекетте білім алатындардың жартысынан көбі - 1,4 млн. (54,8 %) қазақ тілінде білім алады Қазақстанның оқушылары – білімнің сапасы тек сол балалардың ата-аналарды ғана емес, жауапты адамды да алаңдату керек».

Білім сапасы жайлы, оқу құралдары мен мемлекеттік тілде сабақ беру тәсілі туралы өз ойын жобаның ұйымдастырушылары өткізетін, қоғамдық пікір таласта білдірді алады.

«Жобаға  35 мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары, мұғалімдер қатысады, барлығы 2870 адам», - деп хабарлады «Білім және даму» ҚБ жетекшісі,  Нина Еркаева. Ол кісінің айтуы бойынша, зерттеуді ҮЕҰ біріккен өкілдерінен жиналған жұмыс топтары, облыстық, қалалық бөлімшелердің, біліктілікті көтеру институттарындағы білім саласының мамандары, шамамен 50 адам жүргізеді. Сарапшылар тобына Украина, Латвия, Эстония мемлекеттерінің ұлттық тілді білім жүйесін енгізу тәжірибелерімен танысуға мүмкідіктері болады».

Зерттеудің қорытындысы бойынша, болашақта мемлекеттік тілде білім жүйесін жетілдіруге арналған ұсыныстар өңделеді. Білім мен тіл саясатына қатысты заңнамалық актілермен басқа құжаттарға өзгертулер ұсынылады.

Анықтама: Республикада есеп бойынша барлығы 3687 (44,6 %) қазақ тілінде оқытатын мектепртер  бар, 2069 (26,1 %) қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Мемлекеттік тілде білім алатын адамдар саны өсіп жатыр. Егер 2000 жылы қазақ тілінде 52,1%  білім алатын оқушы болса, қазіргі кезде олардың саны – 54,8 % жетті.

Қосымша ақпарат:
Жәнібек Хасан, Сорос-Қазақстан қорының «Бюджеттік ашықтық және  есеп беру» бағдарламасының жоба үйлестірушісі
ZhKhassan@soros.kz Тел.: 7 3272 503 811, 58 89 83 (вн.117)
Нина Еркаева, «Білім және даму» ҚБ жетекшісі, жоба үйлестіруші, Қарағанды қ, oir-krg@yandex.ru. Тел: 7 7212 414 724
Кұдайбердиев Темірхан Қожабаевич, Қарағанды мемлекеттік қызметкерлердің және білім беру жүйесінің жұмысшыларының біліктілігін жоғарлату мен қайта дайындау институтының ғылыми - зерттеу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. oir-krg@yandex.ru. Тел: 7 7212 414 724.
Алия Чорманова, №115 қазақ орта мектебінің директоры, chormanova@gmail.com


baner baner baner baner